$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Каспийді сақтау туралы мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеудің алғашқы жұмыстары басталып кетті

Каспийді сақтау туралы мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеудің алғашқы жұмыстары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасы негізінде Каспийді сақтау туралы мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеудің алғашқы жұмыстары басталды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі  осы қазан айында  алғашқы көшпелі отырыс өткізуді жоспарлап отыр. Онда  Каспий теңізінің қазіргі  экологиялық жағдайы мен  оның биоалуантүрлілігін сақтау бойынша атқарылатын  нақты жұмыстардың жол картасын қабылдамақ. Бір ғана елдің емес, бүкіл Каспий маңы аймақтары үшін маңызды мәселерді талқылау жиынына  Атырау облысы әкімдігі де өз ұсынысын жолдаған. Оның бастысы - 5 мемлекет шеңберіндегі қорғау аймағының шекара кординаттарын айқындау. 

НҰРГҮЛ ҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде үлкен ғылыми  институт құру, яғни құрылған жағдайда қазіргі уақытта  Маңғыстау облысында құрылды да және оның филиалы Атырау облысында ашылуы күтілуде. Соның шеңберінде үлкен ғылыми зерттеулер жүргізу. Және мониторинг жүйелерін құру. Осындай үлкен шаралар.