$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралдағы оңалту орталығына арнайы көліктер берілді

01.10.2025ж. 19:00
Оралдағы оңалту орталығына арнайы көліктер берілді

Бүгін Оралдағы оңалту орталығына арнайы техника табысталды. Мүгедектерді күтіміне алған мекемеде бұрын мұндай мүмкіндік жоқ еді. Қолында техникасы бар кәсіпкер мен кәсіпорындарға кіріптарлықтан құтылған мұңлықтардың қуанышы туралы тілшіміздің материалында.

Оңалту орталығында емделушілер қуанышын жасыра алар емес. Өйткені қала шетіндегі мекемеге енді арнайы жабдықталған шағын автобуспен қатынайды. Тіркемелі трактор да шаруашылық жұмыстарын жеңілдетпек.

АЛЬБЕРТ ТАЛПАХОВ, «АҚЖАЙЫҚ» МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ АБИЛИТАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мекемелерден көмек сұрадық. Қар тазалау, көктемгі мекемені абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына қаланың бөлімдері мен немесе жеке адамдардың құралдарымен, көмектерімен шығып жүрдік. Күні бүгін осы қызметтік көлік беріліп жатыр. Қызмет алушыларымыз да, қызметкерлеріміз де қуанышты.

150 орындық «Ақжайық» оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Бүгінге дейін 303 адам ем алыпты. Оның ішінде балалар да бар.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, БҚО орталығы Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға оңалту орталығын ашып берген болатынбыз. Бұл орталықтың ерекшелігі бұл жерде халықаралық стандарттарға сай, барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар былтырғы жылы осы орталық ашылып жатқанда айтқан болатынмын енді осы жердегі орталықтың шаруашылық қызметін атқарып жатқан техникаларды алып беремін деп. Соны қариялар күнінде табыстап жатырмыз.

Енді оңалту орталығында тұз шахтасы мен Еуропа елдерінде кеңінен қолданылатын суасты тренажер бөлмелері ашылады. Емнің бұл түрі мүгедектерді тезірек оңалтуға септігін тигізеді, дейді мамандар.