Астанада өткен Astana Open Dialogue тәуелсіз аналитикалық платформасының III отырысында “Қазақстан eGov-тан AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?” тақырыбы талқыланды Соңғы жылдары Қазақстан үшін E-gov және GovTech инфрақұрылымын дамыту стратегиялық басымдыққа айналған. Алғашқы кезеңде «классикалық eGov» қалыптастырылып, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталы, электронды-цифрлық қолтаңба жүйесі, интеграцияланған деректер базасы және ведомствоаралық өзара әрекеттесу механизмдері іске қосылды. Бұл шешімдер мемлекеттік қызметтерді жаппай цифрландыруға, олардың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға, басқару сапасын күшейтуге жол ашты.
МЕЙІР АЛПЫСОВ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Жасанды интелекті мемлекеттік басқаруда қолдану. Оның түрлі-түрлі жолдары, әртүрлі бағыты бар. Содан қай бағыт ең ұтымды, ең тиімді екенін біздің мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік сарапшылар өздерінің түсініктерін бізге ұсынатын болады. Соның бәрін бүгін тыңдап, бір түйінге келуге тырысамыз.