$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда қар жауды

01.10.2025ж. 18:52
Таразда қар жауды

Бүгін Жамбыл облысында алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Astana TV.

Биылғы алғашқы қар өңірде әдеттегі мерзімнен бір айдан астам уақытқа ерте түсті.

Тараз тұрғындары қазан айындағы қардың суреттері мен видеоларын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.

Синоптиктер 1 қазанға Таразда қатты жаңбыр болатынын болжаған еді.