$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды

01.10.2025ж. 22:19
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды

2025 жылғы 1 қазанда Абай, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – деп ескертеді "ҚазАвтоЖол".

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.