Бүгін Маңғыстау облысы, Басқұдық ауылындағы ағаш базар аумағында 300 шаршы метрді қамтыған өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.
Өрт сөндірушілер 100 текше метр ағашты сақтап қалып, жалынның мейрамханаға таралуына жол бермеді.
Оқиға орнына 13 техника мен 50 қызметкер жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.