$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды

02.10.2025ж. 10:26
Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск байлығы 500 млрд долларға жеткен алғашқы адам болды. Бұл туралы Forbes журналына сілтеме жасап Astana TV  хабарлайды. 

Миллиардердің дәулетінің күрт өсуіне Tesla акцияларының қалпына келуі, xAI жасанды интеллект жобасының дамуы және SpaceX компаниясының құнының артуы ықпал еткен.

Жаңа рейтингке сәйкес, Масктан кейінгі орындарды Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон мен Meta басшысы Марк Цукерберг иеленіп отыр.

Маск алғаш рет 2021 жылы байлығы 190 млрд долларды құрап, әлемдегі ең ауқатты адам атанған болатын.