$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-да қару-жарақ пен киік мүйізі тәркіленді

02.10.2025ж. 13:08
БҚО-да қару-жарақ пен киік мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығынан қолдан жасалған қару, 4 мылтық, 104 оқ-дәрі және 30 киік мүйізі табылды. Үй иесі қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлайды Astana TV.

«Қару» жедел іс-шарасы кезінде өңірде тағы 16 қару мен 164 оқ-дәрі тәркіленді. Оның ішінде аңшы мылтықтары, шолақ мылтық, винтовка және травматикалық қару бар.