$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Заңсыз көші-қон арнасы әшкереленді

02.10.2025ж. 14:45
Заңсыз көші-қон арнасы әшкереленді

Ақмола облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ауқымды арнайы операция барысында елорда аумағында жұмыс істеген заңсыз көші-қон арнасын анықталды. 
Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы Целиноград ауданы Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға, тіркеуге немесе ықтиярхат алуға көмектесуді ұсынып, бұл қызмет үшін өзге адамдарды тартып, қылмыстық топ құрған.
 

“Көрсетілген қызметтің құны 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін бағаланған. Қылмыстық топ мүшелері жалған құжаттар рәсімдеп отырған”- деп мәлімдеді Полиция департаменті.


 Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары айғақ заттарды – жалған құжаттар, мөрлер мен анықтамаларды тәркіледі.

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Топтың өзге де қылмыстық әрекеттеріне қатысты тергеу амалдары жалғасуда.