$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Арменияда 90 күн визасыз жүруге болады

Арменияда 90 күн визасыз жүруге болады

Енді Қазақстан мен Армения азаматтары екі ел арасында 90 күнге дейін визасыз режимде тұрақтай алады,-деп хабарлайды Astana TV.

Бұл ретте қазақстандықтарда жеке куәлік, ал Армения азаматтарында сәйкестендіру картасы болуы қажет.  Сондай-ақ азаматтар барған мемлекеттің құзыретті органдарында 30 күн ішінде тіркелуге де міндеттелмейді.

Екі мемлекет арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мақұлданды. Келісім тараптар арасында әлеуметтік-экономикалық байланысты нығайтып, азаматтардың екі ел аумағында уақытша тұрақтауына қолайлы жағдай туғызу мақсатын және заңсыз көші-қон қызметіне тосқауыл қоюды көздейді.