$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жасанды интеллект: Президент БАӘ Министрімен кездесу өткізді

AstanaTV
02.10.2025ж. 19:00
Жасанды интеллект: Президент БАӘ Министрімен кездесу өткізді

Digital Bridge 2025 форумы аясында, Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасымен кездесті. Мемлекет басшысы Бірікке Араб әмірліктері жасанды интеллект технологияларын қолдану және дамыту ісінде әлемдік көшбасшы саналатынын айтты. Кездесуде Smart City бірлескен жобасына баса назар аударылды. Қазіргі таңда бұл жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес іске асырылуда. Мемлекет басшысының пікірінше, жоба екі елдің серіктестігін дамытудағы жаңа, маңызды кезеңді бастайды.