Қазақстан жаңа энергетикалық тәртіпті орнатуға белсене араласады. Оның ішінде жасыл энергетика секілді баламалы қуат көздері мен электроэнергетикада жасанды интеллекті қолдануға баса мән беріледі. Ал көмір заманауи технология қолдана отырып генерацияланады. Яғни, қауіпті газдар бөлінбейді. Елордада 16-і Еуразиялық Казэнерджи форумы басталды. Оған отандық компания басшылары мен сарапшылары ғана емес, шетелдік беделді мамандар келді. Форумның тақырыбы да соған меңзейді. «Орта державаларға назар аудару» деп аталған жиын бірнеше күнге созылып, энергетика саласындағы өзекті тақырыптарға байланысты талқылау жүреді.
ТАЛҒАТ ТЕМІРХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жалпы, бізде алдағы 5-6 жылда энергетика саласы күрт өзгереді. Әрине, мемлекет басшысының соңғы айтқан сөздері бар. Климаттық өзгерістерді де қайта қарастыру керек.