Оралда алаяқтық жасады деген күдікпен ағайынды жігіттер ұсталды. Олар 68 жастағы зейнеткердің 830 мың теңгесін қалтаға басыпты. Полиция дерегінше, олар бір-бірін бұрыннан таныған. Жүзтаныстығын пайдаланып, кейуананың көңілін қалдырған күдіктілер бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны анықталды. Биыл Батыс Қазақстан облысының жеті жүзге жуық тұрғынын алаяқтар тақырға отырғызған. Бір қызығы, олардың тең жарымы таныстарына алданған екен. Ал интернет алаяқтардан келген шығын 600 миллион теңгеден асады.
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға және мұқият болуды, сонымен қатар кез келген алаяқтық деректері бойынша құқыққорғау органдарына жедел түрде хабарласуды сұрайды.