$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында білім беру саласының 300-ден астам үздік маманы марапатталды

02.10.2025ж. 19:00
«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында білім беру саласының 300-ден астам үздік маманы марапатталды

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында білім беру саласының 300-ден астам үздік маманы марапатталды. Салтанатты шара алда келе жатқан Ұстаздар күніне орай арнайы ұйымдастырылды. Салтанатты шараға білім беру саласын дамытуға және ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосқан педагогикалық еңбектің ардагерлері мен қазіргі мұғалімдер шақырылды. Аға буын мен қызметте үздік мұғалімдерге «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілері мен алғыс хаттар және ақшалай сертификаттар табысталды.  Сондай- ақ партияның жаңа мүшелеріне партия билеттері салтанатты түрде тапсырылды.

ГҮЛНАЗ ЖАНТАСОВА, ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ №1 МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Тек қана білім беріп қоймай қоғамдық өмірге белсене араласып жатырмын. Осы орайда “ Amanat” партиясына көп- көп алғысымды айтқым келеді. Жастарды, біз сияқты жас мамандарды әрқашан қолдап қол ұшын созып бізді көкке көтеріп жүргендері үшін мың алғыс.

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Арқа мектебі, Арқа ұстаздары ол- үлкен мектепті қалыптастырушы ұстаздар. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінде біздің келешегіміздің кемел болуына қызмет жасап жатқан әрбір мұғалімге қызмет жасау бүгінгі ұрпақтың міндеті болу керек.