$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Дударай» әнінің кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды

«Дударай» әнінің кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды

Ақмолада «Дударай» әнінің кейіпкерлеріне еңселі ескерткіш қойылды. Ашылу салтанатына қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары мен мәдениет саласының майталмандары қатысты. Олар әннің шығу тарихына, басты кейіпкерлері Дүйсен Үкенұлы мен Мариям Жагорқызына тоқталып, шығарманың жастар үшін тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Ал әкімдік өкілдері, алдағы уақытта ескерткіш тұрған аумақты туристік нысанға айналдырмақ.

АЛМАС АЛИН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Негізгі мақсаты, туризмді дамыту. Ел келіп, осы аймақты танып, біліп. Бұл жерде бізде Қорғалжын қорығы орналасқан. 363 құстың түрі бар, 84 көл бар. Шетелден 700-ден астам туристер осы мекенді көру үшін келеді. Сондықтан осының бәрін таныту үшін. Осындай іс-шара өткізіліп отыр.