$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Таза бейсенбі": Бір күндік сенбіліктен тұрақты экологиялық әдетке дейін

AstanaTV
02.10.2025ж. 19:00
"Таза бейсенбі": Бір күндік сенбіліктен тұрақты экологиялық әдетке дейін

Теміртау қаласында "AMANAT"  партиясының "Таза Бейсенбі" акциясына қатысушылар 1 тоннадай қоқыс жинады. Еңбек даңқы саябағын тазартуға «Qarmet» компаниясындағы «AMANAT» партиясы филиалының өкілдері мен автокөлік басқармасының қызметкерлері қатысты.Күз келгелі ағаш жапырақтары мен қоқыстар араласып жұмыс көбейген. 

ОЛЖАС ӘДІЛОВ, “QARMET” АҚ ЖАНЫНДАҒЫ “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымыздан басталады. Біздің мақсатымыз тек аумақты тазалау емес сонымен қатар табиғатты аялау, ұрпаққа таза болашақ қалдыру. Бізде тек қана парк емес әр цех, әр участок осындай тазалық өткіземіз.

Тазалық шарасы  Астанадағы "Нұрлы Жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да өтті.  Президент іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері мекеменің ауласын тазартып, жинады.  Шара ел аумағында үздіксіз жүруде, тұрғындар, аулалар мен тұрғылықты мекен жайларын тазалап, экологиялық мәдениетті арттыруға барынша атсалысуда. 

ЕРБОЛ БЕЙСЕНОВ, ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ БАСҚАРМА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бүгін, "AMANAT" партиясының, "БІРЛІК" бастауыш партиясымен бірлесе отырып, дәл осы әлеуметтік нысанның ауласында тазалық жұмыстарын жүргіздік.  Біздің ұжымнан 30-ға жуық қызметкер атсалысты. Мақсат   қоқыс жинау ғана емес, бұл – сананың өзгеруіне бағытталған ұзақ мерзімді жоба. "Таза бейсенбі" сияқты шаралар қоғамды бір мақсатқа жұмылдырады.