$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, білімін жетілдіру және бастамаларына қолдау көрсету- ел саясатының елеулі межесі

02.10.2025ж. 19:00
Жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, білімін жетілдіру және бастамаларына қолдау көрсету- ел саясатының елеулі межесі

Жастар – кемел елдің келешегі. Олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, білімін жетілдіру және бастамаларына қолдау көрсету ел саясатының елеулі  межесі. Президент жолдауында инновациялық даму, жасыл экономикаға көшу және жаңа кәсіпкерлік мүмкіндіктер жайлы сөз қозғады. Бұл бастамалар әуелі жастарға даңғыл жол ашып,мүмкіндік туғызады.Ал заманауи білім мен тың технологияны меңгеру – ең әуелі ел жастарына бағытталған нақты қадамдар,дейді белсенді буын өкілдері.

АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңда жастар өздерінің әлеуетін дамыту үшін, өздерінің білімдерін алу үшін және оны болашақта жұмысында қолданып біздің мемлекетімізге деген өз үлесін қосу үшін көптеген жағдай жасалып жатыр.Және де жаңа бір идеяларды қолдауда бұл негізгі осы жастарға керек мүмкіндіктерді  ашады.