Халықпен тиімді байланыс үшін бірыңғай Call-орталық жұмысын бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.Тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету мен ақпарат алу үдерісін жеңілдету мақсатында Павлодар облысында денсаулық сақтау саласы бойынша бірыңғай Call-орталық ашылды.
Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Call-орталық нөмірлері: +7 (702) 075-79-68, +7 (7182) 76-40-88.
– Орталық заманауи цифрлық жүйемен жабдықталған және жасанды интеллект технологияларын қолданады, бұл тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын жедел әрі тиімді қарауға мүмкіндік береді, – деді денсаулық сақтау басқармасында.
Сонымен қатар, басқарма халықпен кері байланыстың тиімді платформасы енгізілуіне байланысты WhatsApp-нөмірі +7 (705) 447-50-52 енді қызмет көрсетпейтінін хабарлайды.