Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізуде. Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқарады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Негізгі міндеттерге мыналар жатады:
Пилоттық режимде спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің электрондық паспорттарының, іс-шаралар күнтізбесінің, сондай-ақ спорт ғимараттары тізілімдерінің модульдері іске қосылды. Қазіргі уақытта спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйені деректермен толықтыру және оның функционалын тестілеу жүргізілуде. Бүгінде платформада 83 федерация мен 50 ұйым жұмыс істейді.
Бұл ретте спорттық атақтар беру тәртібі өзгеріссіз қалады және ол 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықпен бекітілген ережелермен реттеледі. Аталған құжат атақтың жарамдылығын растайды әрі куәлік жоғалған жағдайда оны қалпына келтіруге негіз болады. Куәлікті қайта қалпына келтіру үшін Спорт және Дене шынықтыру істері комитетіне жазбаша өтініш беру қажет.