$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде жас ананы мәжбүрлі түрде жындыханаға жатқызған

AstanaTV
03.10.2025ж. 19:00
Ақтөбеде жас ананы мәжбүрлі түрде жындыханаға жатқызған

«Сау адамды ауру қылды». Ақтөбеде жас ана осылай деп дабыл қағуда. 28 жастағы келіншек өзін мәжбүрлі түрде жындыханаға жатқызды, деп дәрігерлерді айыптап отыр. Оған не себеп? Дәрігерлердің уәжі қандай? Жанар Датқызы білді. 

Есет батыр ауылының тұрғыны Ақнұр Шәкір ешқашан жүйке ауруымен ауырмағанын айтады. Алайда ол облыстық психоневрологиялық диспансерге күштеп жатқызылып, дәрігерлер тарапынан қысым көрдім, деп отыр. Декреттік демалысқа дейін балабақшада  тәлімгер болып еңбек еткен. Қазір ол төрт айлық сәбиімен үйде отыр. Жақында қайынсіңлісін ұзатып, тойдың қамымен жүрген жас келіншек қонақ күту кезінде әлсіреп, талып қалған көрінеді. Аудандық дәрігерлер оны жындыханадан бір-ақ шығарыпты.

АҚНҰР ШӘКІР, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Босанғаннан кейін стресс, сосын тойдан кейін шаршаңқырап, түнде баланың шамалы ұйқысыздығы. Содан шаршаңқырап талып қалғанмын.

Жас ана диспансерде өткізген бір күнін қорқынышпен еске алады.

АҚНҰР ШӘКІР, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Больницада мен ұйықтай алмадым. Ананың ішінде енді кәдімгі психтар, қасыма үлкен апа жатып алған. Ол апа деген кәдімгідей бақырып, сөйлейді, матрасты жерге лақтырып жерге жатады.Диванның астына лақтырып, диванның астына жатады.

Босанғаннан кейінгі стресс пен ұйқысыздық салдарынан әлсірегенін жас ана өзі де мойындайды. Бірақ бұл- дәрігердің «психикалық ауытқуы бар» деген диагноз қоюына негіз болмауы керек деген пікірде. Ал ақ халаттылар дәрігерлік құпияны жарияламаймыз, деп отыр.

НҰРЖАМАЛ КАЛИКОВА, АЛҒА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл мәселе бойынша бойынша ақпарат берілмейді. Себебі бұл-дәрігерлік құпия болып саналады.

Қазір Ақнұр ата-анасының үйінде. Туыстары оны қолхатпен шығарып алыпты.