$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде колледж студенттері мен олардың ата-аналары наразылық білдірді

AstanaTV
03.10.2025ж. 19:00
Ақтөбеде колледж студенттері мен олардың ата-аналары наразылық білдірді

Ақтөбеде көпсалалы колледж студенттері мен олардың ата-аналары наразылық білдірді. Себеп- оқу ақысының тағы қымбаттауы. Колледж әкімшілігі «бағаны  көтермейміз» деп уәде берген. Алайда соңғы курста  оқу ақысын өсіріп жіберген. 

САОДАТХАН МЫРЗАБАЕВА, АТА-АНА:

1-курста түскенімізде 200 мың болды.2-курсқа келгенде тағы үстіне қосты. 3-курсқа келгенде тағы сол 100 мыңнан қосып отырды. Енді сол 3-курста 400 мыңға көтерді. Жақсы дедік. Енді міне 4-курс болғанымызда бір 100 мың емес, 150 мыңды үстіне қосып жіберіп тұр.

ДАРХАН БАЗАРБАЕВ, АТА-АНА:

150 мың теңге қосып отқан деген енді ол біздер соңғы курс болғандықтан енді осылай бұрынғы сомамызды қалдыруды өтінеміз.

Ал колледж басшылығы оқу жылы басталмай тұрып ата-аналарды ескерткенін, келісімшартта бәрі көрсетілгенін айтады. Оқу ақысының көтерілу себебін мұғалімдердің жалақысын арттырумен түсіндіріп отыр. 

ГҮЛНАЗ ОРЫНТАЙҚЫЗЫ, «БОЛАШАҚ» КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Нарық заманына сәйкес біз де мұғалімдердің зарплатасын көтерілгесін және ол жеке колледж болғасын оқу ақысын көтергеніміз рас.