$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Бақыт құшағында» фильмінде Шәмшінің 12 әні орындалады

«Бақыт құшағында» фильмінде Шәмшінің 12 әні орындалады

Қазақ киноиндустриясында тұңғыш рет түсірілген джукбокс мюзикл «Бақыт құшағында» фильмінің алғашқы арнайы көрсетілімі елорданың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарына арналды. Картинаның авторлары шығармашылық туындыны көпшілікке ұсынбас бұрын, аға буынның батасын алуды жөн көрген.

ШАХ-МҰРАТ ОРДАБАЕВ, ӘРТІС:

Осы фильмнің продюсерлері, режисерлері, авторлары қазақи тәрбиеде өскендіктен, үлкен ақсақалдарымыз бен ақжаулықты апаларымыздың алдынан өтіп,  арнайы эксклюзивті көрсетілім жасап, осы кісілердің батасын алмақ. Сондықтан осында үлкен, маңызды іспен келіп тұрған жайымыз бар.

Мюзиклде қазақ өнерінің алтын қорына енген Шәмшінің 12 әні орындалады. Кинотуынды тек әнмен емес, сахналық қойылыммен де ерекшеленбек, түсірілімге 200-ден астам биші қатысқан. Фильмнің авторы әрі продюсері Санат Шапашовтың айтуынша, туынды идеясы шетелде туындаған. Астананы сағынып жүргендегі әсерін ол Шәмші әндерімен байланыстырады.

САНАТ ШАПАШОВ, ПРОДЮСЕР:

Осы идея маған, Америкада жүрген кезде келген. Негізі бұл америкада өте әйгілі, бірақ Қазақстанда алғаш рет болады. Шәмші ағамыздың өмір жолы туралы емес. Ол заманауи Астана.  Заманауи актерлермен. Зәулім ғимараттармен, негізгі басты идея ол - біздің елордамызды халыққа көрсету.