$541.34 €640.73 ₽6.53
×

75 жастағы зейнеткерден 20 келіден астам есірткі табылды

04.10.2025ж. 12:16
75 жастағы зейнеткерден 20 келіден астам есірткі табылды
Фото: ашық дереккөзден алынды

 

Қарағанды облысында полиция ірі көлемдегі есірткі тасымалдау арнасын әшкереледі, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиғаға байланысты 75 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

«Тексеру барысында күдіктіге тиесілі қол жүгінен 20 келіден астам марихуана мен гашиш табылды. Сонымен қатар, теміржол вокзалы маңында тұрған оның автокөлігін тексергенде, багажынан орауыш таспамен қапталған екі ірі брикет анықталды. Сараптама қорытындысы олардың ішінде де марихуана барын дәлелдеді»- деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазір құқық қорғау органдары күдіктінің есірткіні қайдан алғанын және кімге жеткізбек болғанын анықтап жатыр.