Түркияның Күтахья провинциясына қарасты Симау ауданында таңертең магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) мәлімдеді.
Ресми дерекке сәйкес, жер асты дүмпулері 10,4 шақырым тереңдікте болған.
Мамандардың айтуынша, өңірде соңғы сілкіністен кейін афтершоктар жалғасуы мүмкін.