Қазан айында демалыс күндері мен мерекені қоса алғанда 9 күн демалыс бар, деп хабарлайды Astana TV.
Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.