$541.34 €640.73 ₽6.53
×

150 мектепте стоматологиялық кабинет бар

05.10.2025ж. 14:00
150 мектепте стоматологиялық кабинет бар
Фото: ашық дереккөз

Жаңа оқу жылының басталуы ата-аналар үшін де маңызды кезең. Олар балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөлуі тиіс және Қазақстандағы барлық оқушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілгенін есте ұстағаны жөн. Балалар үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Сондықтан балалар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.

 Балаларға тегін көрсетілетін қызметтер аясы кең: мектеп медицинасынан және тіс емдеуінен бастап, стационарлық емге, оңалту шараларына және жоғары технологиялық көмекке дейін.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша профилактикалық медициналық тексерулермен жылдық жоспардың 52%-ы қамтылған. 11% оқушыда алғаш рет ауру белгілері анықталған, олардың ішінде ең жиі кездесетіні: кариес, теміртапшылық анемиясы және миопия. Алғаш рет анықталған патологиясы бар балалардың 30%-ы динамикалық бақылауға алынған.

 Тіс жегісінің және ауыз қуысы ауруларының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасын іске асыруда. Бүгінде шамамен 150 мектеп стоматологиялық кабинеті ашылған, жыл соңына дейін олардың саны 240-тан асады, ал 2028 жылға қарай 1000-нан астам кабинет жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, балалардың теңгерімді әрі толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылынан бастап мектептік тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енді. Тағамдағы тұз бен қант мөлшерін шектеу ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес келеді және бұл созылмалы аурулардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

 

 

 

.