Алматы облысының Қарасай ауданында Совет шыңына (4317 м) көтерілу кезінде бір туристің қан қысымы көтерілген.
Оған алғашқы медициналық көмек көрсету және эвакуациялау үшін ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) және Алматы қ. ТЖД құтқару қызметінің мамандары дереу жолға шықты. Зардап шеккен азаматпен байланыс үзілген жоқ, орналасқан жері анықталды. Сондай-ақ оқиға орнына ТЖМ Медициналық апаттар орталығының дәрігерлері жіберілді.
Туристерге жеткен құтқарушылар 1992 ж.т. ер адамды «Эдельвейс» қонақүйіне дейін аман-есен түсірді.
Құтқарушылардың үйлесімді жұмысы мен жедел әрекет етуінің арқасында операция сәтті аяқталды.
ТЖМ тауға шығар алдында денсаулығыңызды тексеріп, қажетті дәрі-дәрмектерді алуды ескертеді.