Шамамен 1 мың турист Эверестің шығыс беткейінде қатты боран салдарынан шатырларда паналауға мәжбүр болды. Бұл туралы «Саньсян душибао» басылымы хабарлады, деп жазды ТАСС агенттігі.
4 қазан күні таудың шығыс беткейінде соңғы жылдардағы ең күшті бораннан кейін негізгі маршруттар толықтай жабылып, көріну күрт 1 метрге дейін төмендеген. Жоғарыға шығатын туристер мұздақ жолдармен әрі қарай жүре алмай, өз шатырларына паналауға мәжбүр болған. Кейбір туристер төмен қарай түсуін жалғастырса да, көпшілігі құтқарушылардың көмегіне мұқтаж, деп жазады басылым.
«Цзиму синьвэнь» ақпараттық порталының мәліметі бойынша, туристер 4 900 метр биіктіктегі лагерьде тұрып қалды.
Қытайдың Тибет автономиялық ауданының Шигадзе қаласы билігі құтқарушылар топтарын туристерге көмек көрсету үшін жібергенін хабарлады.
Эверест (Джомолунгма) Махалангур-Химал гималай жотасына кіреді, тау Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық аймағының шекарасында орналасқан. 2020 жылдың желтоқсанында Қытай мен Непал бірлескен экспедициялардан кейін Эверестің жаңа биіктігін жариялады: ол 8 848,86 метрді құрайды, бұл бұрынғыдан 86 см жоғары,- деп жазады kaz.inform.kz.