ШҚО-да полицейлер мен облыстық прокуратура Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғынын есірткіні заңсыз сақтап, өсірді деген күдікпен ұстады. Тәртіп сақшылары жедел тінту барысында күдіктінің үйінің аумағынан өзіне тән иісі бар өсімдік бұталарын аңғарған. Сонымен қатар шыны банка мен кептірілген өсімдік салынған қап, металл табақшалар мен ыдыс-аяқ табылды. Сондай-ақ өсімдіктер салынған кептіргіш машина тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екенін анықтады. Психотроптық заттың салмағы 4 келіні құрады. Бұған қоса, сарапшылар 1,2 келіні құрайтын каннабис ретінде таныған өсімдік бұтасын анықтады. Аталған фактілер бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.