Ақтөбе облысы Қопа ауылында адам өлтірді деп айыпталған үш жасөспірім сотталды. Тағы үшеуіне шартты жаза кесілді. Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр жаңа оқу жылының алғашқы күні 14 жастағы оқушыны жоғары сыныптағы алты бала аяусыз ұрып-соғып, кейін ауыл шетіне тастап кеткен. Жасөспірім алған ауыр жарақаттарынан көз жұмған. Сот отырысы жеті айға созылып, айыпталушылар мен олардың ата-аналары, куәгерлер және сарапшылардан жауап алынды. Айыпталушылардың жасы- 17 де. Бүгін жарияланған үкімге сәйкес, олардың үшеуі сот залында босатылып, бір жыл шартты жазаға кесілді. Ал қалған үшеуі 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде өтейді.