$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбылда жер сілкінді

AstanaTV
06.10.2025ж. 19:00
Жамбылда жер сілкінді

Еліміздің оңтүстігінде түнде жер сілкінді. Магнитудасы 4 баллдан асқан зілзаладан тұрғындардың зәрі құты қашқан. Түңгі 1 жарым шамасында тәтті ұйқыда жатқан жұрт түгел оянып, тағы қайталанады ма деп таңға дейін көз ілмей шыққан көбісі. Тербелістің эпицентрі – Қырғызстан аумағында тіркеліпті. Ондағы жер асты дүмпуінің күші 6 баллдан асқан. Табиғи құбылыс Жамбыл мен Түркістан облысында әжептәуір сезілгендіктен тұрғындар қатты қорқып, әлі де алаңдаулы. 

Тараз тұрғындарының түнгі тыныштығын тербелген жер мен гүрілдеген дауыс бұзған. Көздерін ащса түңгі 1:29-да үй теңселіп тұрғандай болған. Тіпті жер үйіміз орнынан қозғалып кеткендей қатты сезілгендерін айтады. Ал көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатта тұратындар жандарын шүберекке түйіп отырдық дейді.

БЛИЦ:

- Жер үйде тұрам, сол жақтан не қылды да оі жаққа қарай келіп қайтадан орнына түскендей болып қалды. Биссмилә-биссмилә деп калимаға тіл келтіріп. Тұрайын десем қорықтым.

- Үшінші қабатта тұрамыз қатты сілкінді, өте қатты сілкінді. Қатты сезілді қорықтық енді адам баласы болғаннан кейін, бала-шаға бар кішкентай. Енді ол зілзалағой қорқу керекқой, қорыпайдын адам баласы жоқ шығар деп ойлаймын.

- Ұйқыдан оятатындай сілкініс болды. Жер сілкінісін сездік. Әке-шешемде сезді сосын. Ұйқыдан оянып барлығымыз.

Сейсмолог мамандар жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанның таулы аймағында 10 шақырым жердің астынан шыққанын айтты. Көрші елде жер асты дүмпуі 13,3 баллға дейін барған. Оның торлқыны жер бетінде 5,9 баллға дейін сезілген. Қырғызстанда жер сілкінісі болған Қара-Бура ауданына шекаралас жатқан Тараз қаласына дүмпу 4 баллға жеткен. Алайда зардап шеккендер мен қираған мүліктер тіркелген жоқ дейді мамандар. 

РУСЛАН ОРЫНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жедел штабта мониторинг жүргізіліп, бүгінгі таңда монитринг нәтижесіне байланысты ешқандай зардап шеккен, қираған ғимараттар тіркелген жоқ. нысандардың барлығы штаттық режимде жұмыс атқаруда.

Тербеліс күші Түркістан облысы мен Шымкентке де жеткен. Ол аймақтарда да жер сілкінісі 4 баллға дейін жуықтапты. Десе де бүлінген нысан байқалмады дейді. Қазір табиғи апаттың алдын алу үшін екі аймақта да өңірлік штаб құрылып, сақтық шаралары күшейді. Жер сілкінісі Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттерінде де байқалыпты.