$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжар өңірінде құстың қырылуына не себеп: сынама нәтижесі жарияланды

Қызылжар өңірінде құстың қырылуына не себеп: сынама нәтижесі жарияланды

Қызылжар өңірінде құстың қырылуына қатысты сараптама қорытындысы шықты. Қаз-тауықтар пастереллез дертінен өлген. Ресми дерекке сүйенсек бүгінде қырылған қанаттылардың саны үш мыңнан асады. Ветеринарлар ауру жабайы құстан жұғуы мүмкін деп отыр. Бірақ пастереллёзге қарсы вакцина жоқ көрінеді. Сондықтан сала мамандары аурудан  аман қалған құсты бөлек ұстауға кеңес береді. Үкіметтің қаулысына сәйкес пастереллез дерті үшін мемлекет тарапынан өтемақы қарастырылмаған. Сондықтан билік өкілдері шығынның орнын толтыру үшін басқа қаржы көздерін іздестіріп жатқандарын жеткізді.

ЕРБОЛ БАГЕНОВ, СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Өтемақы бюджеттен қарастылмаса да, шаруашылық субъектілері бар басқа жағдайларды қарастырып, тұрғындарға көмектесу жұмыстары ертең шешіледі.

Әзірге бұл дерт Бугровое ауылында ғана тарап отыр. Тұрғындардың айтуынша, қырылған құстың саны ресми деректен әлдеқайда көп. Және олар сараптама қорытындысымен келіспейтінін айтады.

АҚЫЛБАЙ МАҒЖАН, ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

5 мың құстың 2225-сі қырылды. Шоттан жаңылдық. Мен ойламын бүкіл белгілер птичий грипқа келіп тұр. Мынау пастереллёзге мен сенбей тұрмын. Независимый экспертиза әрине жасатамыз.