$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam» сессиясында Қазақстанның цифрлық бағыты талқыланды

«AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam» сессиясында Қазақстанның цифрлық бағыты талқыланды

Жасанды Интеллект экономикаға мен білім саласына тың серпіліс береді. Оған қоса, бүтін мемлекеттердің саясатын өзгертеді. Бұл туралы Digital Bridge форумында айтылды. «AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam» сессиясында партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жай ғана тренд емес, стратегиялық қажеттілік екенін ерекше атап өтті. Қазақстан адамзат игілігіне жұмыс істейтін технологияны құрып жатыр. Сондықтан, сессия барысында кибершабуыл, фейктер, Жасанды Интеллект этикасы мен техникалық қазақ тілін дамыту туралы сөз қозғалды.

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Цифрлік трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу – Қазақстанның жаңа Ұлттық идеясына айланып бара жатыр. Бұл туралы кеше осы алаңда сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та кеңінен тоқталды. Қазақстанның Еуразиядағы негізгі цифрлық хабтардың біріне айналу керектігін айтты. Бұл бағытта мемлекет тарапынан да біраз жұмыстар жасалып жатыр. Бүгінде біз e-Gov тан AI-Gov-қа өтіп жатырмыз.

ФРАНК ЛЮДВИН ШАФЕР, «ALIBABA GROUP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТТЕРМЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстанның саяси басшылығының көрегендігін айтпай кетуге болмайды. Президенттеріңіздің бірнеше апта бұрын айтқан жолдауын мұқият қадағаладым. Қазақстанның екі басымдығы бар. Біріншіден, инновацияларға жол ашсаңыздар, екіншіден қауіп-қатерлерді талдап оған жол бермейсіздер. Бұл елдеріңізде жұмыс істеймін деген компанияларға өте қолайлы.

Қазақстанның Жасанды Интеллектті дамытудағы жұмысына шетелдік сарапшылар да оң бағасын берді. Мәселен, «ALIBABA GROUP» өкілі Франк Людвин Шафер Қазақстандық жастардың жаңашылдықтарға ұмтылысы мен білімділігін атап өтті.