Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Ордабасы» футбол клубының жалақысы төленеді

AstanaTV
24.11.2017ж. 20:00
3535
«Ордабасы» футбол клубының жалақысы төленеді

«Ордабасы» футбол клубы ойыншыларының жалақысы жақында беріледі. Оған қажет 500 млн теңге республикалық қазынадан келетін қаржыдан төленетін болды. Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өкілінің айтуынша, бұл арнайы сұратқан ақша емес.

Қанат Тастанов, ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары: 

2016 жылы желтоқсан айында бекітілген 2017-нің бюджеті. Ал жылдың ішінде қосымша еңбекақыға  деп өтінім түсуіне байланысты 500 млн теңге  біз нақтылауда бағыттаған болатынбыз. Бұл қаржыларды біз  жоғарыда тұрған бюджеттен біздің бір салық түріне байланысты, жоспарлаған қаржылардың түспеуіне байланысты өтеме қаржы ретінде түскен. Сол қаржылардың есебінен қайта бағыттағанбыз.

Қанат Тастановтың айтуынша, «Ордабасы» футбол клубы жыл сайын облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Клуб мүшелерінің жалақы және басқа да шығындарына 2017 жылға 3 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған. Алайда жыл ортасында бұл қаржы жетпей, жалақыға қарыз болып қалған. Ойыншылар төрт айдың жалақысын алмадық деп қарашаның басында жаттығудан бас тартқан еді.