$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Онлайн-казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды

07.10.2025ж. 12:40
Онлайн-казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
Фото: pixabay

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында цифрлық кеңістіктегі жаңа сын-қатерлер туралы айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Атап айтқанда, жазылушылар аудиториясы кең отандық блогерлер оңай ақша іздеп, онлайн-құмар ойындарды белсенді түрде жарнамалап, оған азаматтарды тартуда.

«Осындай 37 адам анықталып, 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі бұл қадамға білместікпен емес, жиі-жиі заң бұзуға мақсатты түрде барады. Құмар ойындарды жарнамалауға қатысты тікелей жауапкершіліктің болмауы жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты біз қаржы пирамидасына ұқсас онлайн-казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», - деп атап өтті Қайрат Бижанов.