$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таксимен Талдықорғанға бара жатқан бойжеткен есірткімен ұсталды

07.10.2025ж. 14:07
Таксимен Талдықорғанға бара жатқан бойжеткен есірткімен ұсталды
Фото: pixabay.com

Талдықорған бағытындағы жолда полиция қызметкерлері 22 жастағы бойжеткенді есірткі заттарымен ұстады, деп хабарлайды Astana TV.

Тексеру кезінде оның сөмкесінен 15 түйіншек мефедрон табылған. Тергеу мәліметінше, ол есірткіні заңсыз сатып алып, бір бөлігін өзі қолданған, қалғанын өзімен бірге сақтап жүрген.

Сараптама қорытындысы алынған заттың салмағы 3 грамнан асатынын көрсетті. Бұл — заң бойынша аса ірі көлем болып саналады. Қазір күдікті қамауға алынды.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе, бойжеткенге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.