$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде дропперлікпен айналысқандар 7 жылға дейін сотталады

AstanaTV
07.10.2025ж. 19:00
Елімізде дропперлікпен айналысқандар 7 жылға дейін сотталады

Елімізде дропперлікпен айналысатын алаяқтар саны азаймақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан алматылық полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылған семинарда айтты. Дропперлерге арналған заң 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Бұдан былай алаяқтар Қылмыстық кодекстің 232-1 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Істің ауырлығы мен алынған пайда мөлшеріне қарай айыппұл, мүлік тәркілеу шаралары қолданылады. Тіпті 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бекітілген. «Жаңадан енгізілген заң кибералаяқтық қылмысты азайтады»,-дейді мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

АБЗАЛ ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Халықтың осындай алаяқтарға жем болғаны бір бөлек бұл -Қазақстанның экономикасына әсер ететін фактор. Себебі бұл ақшаның барлығы шетелге шығып жатыр. Түпкі бенефициарлар шетелде отыр.  Осыған көмектесіп жүрген өзіміздің Қазақстан азаматтары. Көп жағдайда студент, жас балалар. Олар тіпті қылмыскерлерге көмектесіп жатқанын да сезбеуі мүмкін.