$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыда кәсіпкерлер форумы өтті

07.10.2025ж. 19:00
Қарағандыда кәсіпкерлер форумы өтті

Қарағандыда аймақтық кәсіпкерлер форумы аясында облыс әкімдігі мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат билік пен бизнестің серіктестігін нығайтуға, кәсіпкерлердің мәселелерін бірлесіп шешуге көмектеседі. «Құқықтық көмек», «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» партиялық жобалары бойынша шеберлік сабақтары өтті. Қаржылық сауаттылық және бизнесті цифрландыру тақырыптары талқыланды. Жас кәсіпкерлерге «Шағын және орта бизнес үшін цифрлық маркетинг» атты 8 апталық оқу бағдарламасына тегін сертификаттар табысталды. Сондай- ақ Меморандум аясында кәсіпкерлікті және шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл кеңес кәсіпкерлердің мәселелерін зерделеп, нақты ұсыныстар әзірлеумен және бірлескен жобаларды іске асырумен айналысады.

ГҮЛСІМ ҚОЖАХМЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бизнесті қолдау бойынша үйлестіру кеңесінің құрылуы мен ынтымақтастық туралы меморандум өте маңызды. Билік, партия және бизнес өкілдері арасындағы тұрақты диалог алаңына айналмақ. Сұрақтар ең алдымен жергілікті атқарушы биліктің деңгейінде шешіледі. Одан қалса мәжіліске жолданады. Яғни мақсат бизнестің дамуына кедергі келтіруі мүмкін мәселелерді барлық мемлекеттік органдармен бірге тез арада шешу болып табылады.