Ақмола облысы атбасар ауданында асфальт зауыты іске қосылды. Зауыт тәулігіне 3,5 мың тоннаға дейін сапалы бетондық жамылғы қоспасын шығарады. Жобаның жалпы құны -2,5 миллиард теңге. Жеке инвестиция есебінен салынған нысанда 42 адамға тұрақты жұмыс орны ашылды.