Оралдағы оқу орындары шетелдік білікті мамандармен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Махамбет атындағы университеттің өзі әлемнің жүзден астам білім ордасымен келісім жасаған. Осылайша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үш жылда шетелдік 50 ғалым келген. Олар осында дәріс оқып, практикалық сабақ өткізіп, оралдық әріптестерімен бірлескен ғылыми жұмыстарды қолға алған. Мысалы, поляк ғалымы Ақжайық атырабындағы өзен-көлдеріне гидробиологиялық зерттеу жүргізіп жатыр. Облысты мекендейтін жабайы хайуанаттардың тіршілігін бақылау да шетелдіктердің жіті назарында.
ҚАЖЫМҰРАТ АХМЕДЕНОВ, М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ ПРОРЕКТОРЫ:
Шетелдік мамандарды университетке тарту өте маңызды болып келеді. Өйткені жаңа заманауи ғылыми зерттеу әдістерін, оқу орнындағы педагогикалық зерттеу әдістерін, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс жасау барысын, соның бәрін студенттеріне және профессорлық-оқытушылық құрамына үйретіп кетеді. Университетімізде академиялық артықшылық орталығын құру жоспарлануда. Соның аясында 20 шетелдік ғалым осы жобаға тартылды.