$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Республика күнінің мәнін жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіру маңызды

07.10.2025ж. 19:00
Республика күнінің мәнін жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіру маңызды

Республика күнінің түп мәнін өскелең ұрпақ түгел білуі керек. Егемендік туралы декларация- елдіктің, тәуелсіздіктің тірегі.Ал оны жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіру- межелі мақсат.  Тарихшылар Республика күніне қатысты дәріс оқып, студент-жастарға Ұлттық мерекені ұлықтап, дәріптейді.  Бабалар аманаты- ұрпақтың ұлағаты, жарқын болашаққа жол сілтейтін бағдаршамы болуы тиіс.

РАУАН БАЙДАЛЫ, ТАРИХШЫ:

Осы құжаттың негізінде тәуелсіздіктің, мемлекеттіліктің  белгілері, тәуелсіз мемлекеттің ары қарай әскер, шекара, жер мәселесі міне осылардың бәрі тәуелсіздікте жаңағы декларацияда айтылды да, бұл кейін тәуелсіздігімді алдық 91 жылы жетоқсанда,  содан кейін 2009 жылға дейін осы Республика күні бізде аталып өтетін.