$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа бизнес идеяларға 9000 грант беріледі

07.10.2025ж. 18:16
Жаңа бизнес идеяларға 9000 грант беріледі
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мемлекеттік қолдау ретінде биыл 1,5 млн теңге көлемінде 9000 грант бөлінбек, деп хабарлайды Astana TV.

Бұған атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар, қоныс аударушылар, асыраушысынан айырылғандар, еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналар өтініш бере алады.

Жыл басынан бері мұндай грант 700-ге жуық мүгедектігі бар азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілген. Негізінен мал және құс шаруашылығы, дәріхана ашу, кондитерлік ісі және ғимаратты жалға алу сынды кәсіп түрлеріне бағытталған.