$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда жылу маусымы ертерек басталады

07.10.2025ж. 18:46
Алматыда жылу маусымы ертерек басталады
Фото: pixabay.com

Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Astana TV.

8 қазаннан бастап жылу ең алдымен балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады.