$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Автобус сайға құлап, 15 адам зардап шекті

08.10.2025ж. 07:41
Автобус сайға құлап, 15 адам зардап шекті
Фото: Анадолы

Ауғанстанның шығысындағы Каписа провинциясында шағын автобус сайға құлап, 15 жолаушы зардап шекті, кейбірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Astana TV.

Провинция полициясының өкілі Абдул Фаттах Фаиздың айтуынша, жол апаты Аласай ауданында болған. Жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай қалған. Зардап шеккен жолаушылар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін Ауғанстанның орталығындағы Дайкунди және елдің солтүстігіндегі Балх провинциясында ірі жол апаты орын алған болатын. Онда бір адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды.