$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бірқатар елде туризм құлдырады

08.10.2025ж. 08:27
Бірқатар елде туризм құлдырады
Фото: pixabay

Трамптың саясаты АҚШ-тағы туризмнің құлдырауына әкеп соқты, деп хабарлайды Astana TV.

Елдің ұлттық туризм басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы жеті айында АҚШ-қа баратын туристер саны 3 миллионға азайған. Саладағы дағдарыс елді 12,5 млрд доллар табыстан айыруы мүмкін.

Жалпы АҚШ қана емес, талайдың арманына айналған Франциядағы қонақүйлер мен мейрамханалар да шығынға батты. Көздің жауын алатын табиғатымен танымал Таиландта да жағдай мәз емес.