$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ІІМ қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізуде

08.10.2025ж. 09:05
ІІМ қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізуде
Фото: ІІМ

Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрали Сарбақышпен кездесу өтті,-деп хабарлайды Astana TV.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.

Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.