$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Полиция интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті

08.10.2025ж. 12:00
Полиция интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті
Фото: pixabay

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың нысанына автокөлік иелері іліге бастағандығы туралы ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта түрлі елдерде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұлдар жіберуге байланысты интернет-алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп отыр.  

- Қаскөйлер автокөлік иелеріне электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хаттар мен хабарламалар жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және "айыппұлды төлеуге арналған" сілтеме көрсетіледі. Алайда бұл – фишингтік шабуыл. Егер адам банк картасының деректерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді. Кей жағдайларда сілтемелер арқылы жеке деректерді ұрлайтын вирустар да таралады. Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда таралу қаупі бар, – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.