Атырау қалалық прокуратурасы блогер Құралай Болатова таратқан, күдіктілердің бірі прокуратура қызметкерімен туыстық байланысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды,-деп хабарлайды Astana TV Atyrau Today-ге сілтеме жасап.
Ресми мәлімдемеде бұл деректердің шындыққа жанаспайтыны атап өтілді:
«Қылмыстық іске қатысы бар ешбір адам прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес».
Қадағалаушы орган азаматтарды тергеу астында жүрген адамның шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелеріне сенбеуге шақырды.
Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Полицияның хабарлауынша, күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал екіншісін қала аумағынан таба алмай, іздеу жарияланған.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» және «Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптары бойынша тергелуде.