$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан гараждан 7 газ баллонын шығарды

08.10.2025ж. 15:42
Елордалық құтқарушылар жанып жатқан гараждан 7 газ баллонын шығарды

Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Жидебай көшесінде жеке меншік үй аумағында гараж жанды,-деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына жеткен ТЖД күштерінің негізгі міндеті жарылыстың алдын алу және оттың таралуына жол бермеу болды. Құтқарушылар жанып жатқан гараждан 7 тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз жерге жедел түрде шығарды.

Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.