$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Автобус көшкін астында қалып, 15 адам қаза тапты

08.10.2025ж. 21:00
Автобус көшкін астында қалып, 15 адам қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Үндістанның солтүстігіндегі таулы өңірде болған табиғи апат адам шығынына әкелді. Күшті көшкін жол бойындағы автобусты басып қалған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 15 адам қаза тауып, тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Билік өкілдерінің айтуынша, үйінді астында әлі де адамдар қалуы мүмкін. Құтқарушылар мен арнайы техникалар апат орнында жұмыс істеп жатыр.

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, 200 мың рупий, ал жараланғандарға 50 мың рупий көлемінде өтемақы берілетінін хабарлады.

Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.